Қазақстан Ақтау маңында апатқа ұшыраған Azerbaijan Airlines ұшағының қара жәшіктерін Бразилияның авиациялық оқиғаларды тергеу және алдын алу орталығына (CENIPA) жіберді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
"Авиациялық оқиғаны тергеу Комиссиясы Бразилияға ұшып кетті. Борттық өздігінен жазғыштар Бразилияның авиациялық апаттарды тергеу және алдын алу орталығына (CENIPA) жеткізіледі", - деп хабарлады ведомство.
Министрліктің мәліметінше, CENIPA орталығында қажетті техникалық мүмкіндіктер қарастырылған, тиісті құралдармен жабдықталған және оларды оқу үшін сертификатталған зертхана бар.
Бұл мәселе Мемлекет басшысының жеке бақылауында.
Еске салайық, бұған дейін сарапшы Қазақстанның Ақтауда апатқа ұшыраған ұшақтың қара жәшігін Бразилияға беру туралы шешіміне қатысты пікір білдірген еді.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!