Қазақстан 600 миллион доллар қарыз алмақ

Қазақстан Халықаралық қайта құру және даму банкінен 600 миллион доллар көлемінде қарыз алады. Бұл қаражат 2026 жылы 4,6 триллион теңге болатын республикалық бюджет тапшылығын қаржыландыруға жұмсалады. Бұл туралы Мәжілістің жалпы отырысында қаржы министрі Мәди Такиев мәлімдеді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Қазақстан мен Халықаралық қайта құру және даму банкі арасындағы келісімге 2026 жылы 20 мамырда Астанада қол қойылған болатын.

Қарыз сомасы - 92 миллиард 316 миллион жапон иенасы, бұл шамамен 600 миллион долларға (шамамен 293 миллиард теңге - еск.) тең.

Талқылау барысында депутат Болат Керімбек неліктен қарыз қажет болғанын сұрады.

"Биыл бюджет тапшылығы 4,6 триллион теңге болатынын білесіздер. Қарыз сомасы - 600 миллион доллар. Бұл қаражатты бюджет тапшылығын қаржыландыру үшін тартып отырмыз. Бұл алдын ала жоспарланған", - деп жауап берді Мәди Такиев.

Айта кетейік, қарыз 11 жылға беріледі. Алғашқы 5 жыл - жеңілдік кезеңі.

Мәжілістің барлық комитеті заң жобасына оң қорытынды берген. Қаржы және бюджет комитеті құжатты қабылдап, Сенатқа жіберуді ұсынды.

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!