Қазақстан 4 күндік жұмыс аптасына көше ала ма?

Қазақстан 4 күндік жұмыс аптасына көше ала ма?
Фото: elements.envato.com

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау комитетінің төрағасы Төлеген Оспанқұлов Қазақстанда 4 күндік жұмыс аптасына көшуге қатысты мән-жайды түсіндірді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

"Бүгінде Еңбек кодексінде норма қолданылады, оған сәйкес Қазақстанда 40 сағаттық жұмыс күні бар бес күндік немесе алты күндік жұмыс аптасы міндетті болып саналады. Бірақ жұмыс беруші қызметкерімен бірге отырып талқылап, бұл норманы азайта алады. Бүгінде ол тек келісімшарттық негізде", - деді Оспанқұлов ОКҚ брифингінде. 

Комитет басшысының сөзінше, бұған дейін айтылған төрт күндік жұмыс аптасына қатысты хабарламсы расында қарастырылып жатыр. 

"Яғни бір айда төрт апта болса: бірінші апта төрт жұмыс күні, екінші апта - 5, үшінші апта - 6 және төртінші аптада қайтадан төрт жұмыс күні бола алады. "Есептеу кезеңі" деген түсінік бар, сағаттардың жалпы саны осы есептік кезеңнен көп болмауы керек. Ал қалғанын жұмыс беруші қызметкермен отырып, бірге шеше алады", - дейді Төлеген Оспанқұлов. 

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

С. Сатыбалдина