Қазақстан 2024 жылдан бастап мұнай өндіруді қысқартады

Қазақстан 2024 жылдан бастап мұнай өндіруді қысқартады. Бұл туралы Энергетика министрлігі мәлімдеді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Ведомствоның хабарлауынша, Қазақстан мұнай нарығындағы белгісіздік пен құбылмалылықтың алдын алуға өз үлесі ретінде 2024 жылғы қаңтардан бастап мұнай өндіруді қысқартуға ниетті.

"Қазақстан 30 қарашада өткен ОПЕК+ кездесулерінің қорытындысы бойынша қабылданған өз міндеттемелерін орындауға ниетті. Біздің міндеттемелеріміз 2024 жылдың бірінші тоқсанында тәулігіне 1,468 миллион баррель болады", - делінген хабарламада.

Министрлік ірі мұнай өндіруші компаниялардың акционерлерімен мұнай өндіруді қысқарту туралы келіссөздерді бастаған. Қысқартудың қолайлы нұсқалары мен көлемі қарастырылып жатыр.

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз