- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Қазақстан 19 елге...
Қазақстан 19 елге визасыз режим енгізді
Қазақстан шетелдік инвесторларға қолайлы жағдай жасау үшін 19 елге визасыз режим енгізді, деп хабарлайды ИДМ баспасөз қызметі.
Австралия, Венгрия, Италия, Монако, Бельгия, Испания, Нидерланды, Норвегия, Швеция, Малайзия, БАӘ, Сингапур, Ұлыбритания, АҚШ, Германия, Финляндия, Франция, Швейцария және Жапония инвесторлары Қазақстан енгізген визасыз келіп-кететін елдердің тізіміне енді.
ИДМ 2015 жылдың қаңтарынан бастап өткен жылы мемлекет басшысы қабылдаған инвестицияға мемлекеттік қолдау шараларын жүзеге асыруды бастады. Бүгінде 5 институционалды реформа бойынша 100 нақты қадамның орындалуын есепке ала отырып, Инвестиция және даму министрлігі қосымша қаржыны қажет етпейтін шараларды қолға алады.
Қазақстан инвестициялық ахуалды жетілдіру үшін төмендегі бағыттарға назар аударады.
– Инвестициялық ахуалды ЭЫДҰ стандарттарына сай жетілдіру;
– Шетелдік инвестиция мен трансұлттық компанияларды тарту бойынша жұмыстарды күшейту;
– елдік қағидаттар бойынша ынтымақтастық;
– Халықаралық қаржы ұйымдарымен (ББ, ЕДҰБ, ИДБ, АДБ) ынтымақтастықты арттыру;
– АЭА қызметін жетілдіру
– Индустриаландыру Картасына мониторинг;
– Инвестициялық қолдау бойынша қызмет;
Дереккөз: Nur.kz
Е. Жұмабайұлы