Қазақшасына билет алып, орысшасына кіргізген. Қазақстандық модель кинотеатрда құқығы бұзылғанын айтты

Қазақшасына билет алып, орысшасына кіргізген. Қазақстандық модель кинотеатрда құқығы бұзылғанын айтты
Фото: Instagram

Желіде Ninety One тобының әншісі Alem-нің әйелі, модель Вероника Жанғалова кинотеатрда болған жағымсыз жағдайды айтқан, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Оның сөзінше, "Черная Пантера: Ваканда навсегда" фильміне алдын ала қазақша нұсқасына билет сатып алған. Бұл сеансқа тек екі билет сатып алынған болып шыққан. Сондықтан модельдің ойынша, кинотеатр оларды орысша нұсқасы көрсетілген залға әдейі жіберген.

"Черная Пантерадан" шықтық. Негізі қазақ тіліне алған едік. Алдын ала онлайн алдық. Қазақ тілінде қалай дыбысталатыны, қалай аударғаны қызық болды. Кинотеатрға келдік, попкорн алдық. Мен "тек екеуміз бе" деп сұрадым. Олар "иә" деді. "Керемет" деп, залға кірсем, адам көп. Фильм орыс тілінде басталды. Мен анықтай бастадым. Қызметкерлер жиналды. Әйел келіп, "қате кеткен, келесі жолы келіп, қазақша көресіздер" деді. Меніңше, ешқандай қате кетпеді. Екі сеансты біріктіре салды. Өйткені екі адамға фильм көрсету тиімсіз", - дейді ол видеода.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

Ж. Қадыржанова