Көпшілік қаһармандар жайлы фильмдерді ұнатады. Олардың Қазақстандағы өмірі қандай болар еді? Желі қолданушыларының бірі қиялға беріліп, бұл идеяны жүзеге асырып көрді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Әли Қияс есімді қазақстандық блогер өз видеоларында қазақ дәстүрлерін сақтайтын әйгілі Marvel және DC қаһармандарын көрсетеді. Осылайша, ол әлеуметтік желілерде танылып кетті. Видеолардың бірінде Өрмекші адам, Супермен, Темір адам, Капитан Америка және Бэтмен дастарқан басында отырып ет жеп, домбырада ойнайды. Бұл ролик 700 мыңнан астам қаралым жинады.
@paukazakh #spiderman #fyp #magic #children #capcut ♬ оригинальный звук - paukazakh
Роликтердің авторы Tengri Life-ке қаһармандарды қазақ мәдениетімен байланыстыру идеясы кездейсоқ пайда болғанын айтты.
"Мен 24 жастамын. Қызылордада дүниеге келдім және Жүргенов атындағы академияны бітірдім. Мамандығым бойынша мен драма театры мен кино актерімін. Мен аниматор болып жұмыс істеймін, менде тек бір Өрмекші адам кәстөмі бар. Сондықтан одан контент жасауды шештім. Осылайша, оған қазақ тақиясын кигіздім, қолына домбыра ұстаттым және оның қарды қалай тазалайтынын немесе қалай атқа мінетінін көрсету идеясы келді", - деді блогер.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!