- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Ұлттық ұлан
Қазақша ет, сірне, бауырсақ: Ұлттық ұлан рационына қандай тағамдарды қоспақшы?

Ұлттық ұлан әскери қызметшілердің тамақтану рационына ұлттық тағамдарды енгізбекші, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Бұл туралы Ұлттық ұланның Бас қолбасшылығында Қорғаныс министрлігі, ҰҚК, ҰҚК Шекара қызметі және Төтенше жағдайлар министрлігі тыл қызметтері өкілдерінің қатысуымен өткен дөңгелек үстел кезінде белгілі болды.
Ұлттық ұланның баспасөз қызметінің хабарлауынша, жаңартылған армиялық рационға қазақша ет, сірне, наурыз көже, нарын, кеспе, бауырсақ және басқа да дәстүрлі тағамдар енгізіледі.
Бұл өзгерістер Қазақ тамақтану академиясымен алдын ала келісілген.
"Калориясы мен энергетикалық құндылығы жоғары ұлттық тағамдармен байытылған рацион зат алмасуды, иммунитетті жақсартуға және қарқынды жүктемеден кейін күш-қуатты қалпына келтіруге ықпал етеді. Әскери медицина және психология саласындағы сарапшылар дәстүрлі тағамдар туған жерін, жақын адамдарын еске салып, мәдени мұрамен байланысты арттырады деп есептейді", - делінген хабарламада.
Дөңгелек үстел қорытындысы бойынша Ұлттық ұланның бастамасы қолдау тапты.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!
М. Лес