Қазақша бизнес Сингапурде: ЕАЭО еркін саудаға жол аша ма?

Мәжілістің жалпы отырысында депутаттар Қазақстан мен Сингапур арасындағы сауда-экономикалық ынтымақтастықты нығайтуды көздейтін маңызды келісімдерді жұмысқа алды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.Бұл келісімдер қазақстандық кәсіпкерлер үшін халықаралық нарыққа шығудың жаңа мүмкіндіктерін ашады.

 Сингапурмен ынтымақтастық: бизнеске не береді?

Бүгінгі отырыста Қазақстан мен Еуразиялық экономикалық одақ (ЕАЭО) пен Сингапур арасындағы еркін сауда туралы және жан-жақты экономикалық ынтымақтастық туралы келісімдерді ратификациялау мәселелері қаралды. Депутат Нұртай Сабильянов құжаттың маңыздылығын атап өтті:

"Еуразиялық экономикалық одақ пен оған мүше мемлекеттер және екінші тараптан Сингапур Республикасы арасындағы еркін сауда туралы және жан-жақты экономикалық ынтымақтастық туралы келісімдер 2019 жылғы 1 қазанда Ереванда жасалған. Келісімдердің мақсаты – сауда-экономикалық ынтымақтастықты кеңейту, сондай-ақ тауарларды серіктестердің нарығына шығару және ЕАЭО елдеріне инвестиция тарту үшін қолайлы жағдай жасау," — деді Экономикалық реформа және өңірлік даму комитетінің төрағасы.

Бұл келісім қазақстандық кәсіпкерлерге Сингапур сияқты дамыған нарыққа еркін кіріп, экспорт көлемін арттыруға мүмкіндік береді. Еркін сауда арқылы кедендік баждар төмендеп, өнімдерді шетелге шығару жеңілдейді.

Сингапур — әлемдегі ірі қаржы орталықтарының бірі. Келісім аясында қазақстандық жобаларға шетелдік инвестиция тарту мүмкіндіктері кеңейеді

Сингапур - инновация және технологиялар саласындағы көшбасшы ел  Қазақстанның бизнес салалары жаңа технологиялар игеруде тәжірибе алмаса алады.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!