- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- "Қазақмыста" жұмыс істеу...
"Қазақмыста" жұмыс істеу үшін пара беру керек пе? Прокуратура тексерісті бастады
Ұлытау облысында прокуратура "Қазақмыста" жұмыс істеу үшін пара беру керек деген деректі тексеріп жатыр, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Жақында Сәтбаев қаласының 3 тұрғыны "Қазақмыс корпорациясына" жұмысқа орналастырамын деп уәде берген таныстарына алданып қалған. Олар полицияға арызданды.
Жәбірленушілерге 2 млн теңгеден астам шығын келген.
Полицейлер сотқа дейінгі тергеуді бастады.
"Ұлытау облысында осыған ұқсас дерек бойынша 17 тұрғын алаяқтық құрбаны болды. 2023 жылғы 7 қыркүйекте Сәтбаев қалалық сотының үкімімен Байжанов 5 жылға бас бостандығынан айырылды", - деп жазылған облыстық прокуратура таратқан хабарламада.
Прокурорлар қазақстандықтарды алаяқтардан сақ болуға шақырады.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!
А. Есен