Шығыс Жезқазған кенішіндегі Аненский шахтасында жұмысшы қаза тапты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі "Қазақмыс" компаниясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Ресми дерек бойынша өндіріс орнындағы апат салдарынан ұсақтағыш жұмысшысы қаза тапты. Оқиғаның мән-жайы мен себептері анықталып жатыр, қайғылы оқиғаның анық-қанығын анықтау үшін арнайы комиссия құрылды.
"Қазақмыс" компаниялар тобы Шығыс Жезқазған кенішінің "Аненский" шахтасында қайғылы оқиға болғанын өкінішпен хабарлайды. "Қазақмыс" басшылығы мен ұжымы марқұмның туыстары мен жақындарына шын жүректен көңіл айтады. Қаза болған жұмысшының отбасына барлық қажетті көмек, ұжымдық шартта қарастырылған төлемдер, оның ішінде жерлеу шығындары көрсетіледі", - делінген "Қазақмыс" баспасөз қызметі таратқан хабарламада.
2024 жылғы тамызда Шығыс Қазақстандағы "Востокцветмет" ЖШС кенішінде төрт жұмысшы қаза тапқан еді. Кеншілер белгісіз заттан уланып қайтыс болған.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз
М. Лес