Сәтбаевтағы қара қар мәселесі қысқа мерзімде шешілмейді деп санайды "Қазақмыстың" еншілес компаниясы Kazakhmys Distribution бас директоры Евгений Кравчук. Бұл туралы арнайы делегация құрамында қалаға келген Мәжіліс депутаты Сергей Пономарев мәлім етті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Қаланы жылытатын қазандықты жекеменшік компания Kazakhmys Distribution басқарады. Денсаулықтарына алаңдаған Сәтбаев тұрғындары депутаттарға шағымданған. Мәжіліс оған жауап ретінде Ерлан Қошановтың жетекшілігімен арнайы делегацияны қалаға жіберді. Депутаттар бірден қала станциясының диспетчерлік пунктін аралады. Өз кезегінде Пономарев бас директордан экологиялық мәселені қалай шешуге болатынын сұрады. Кравчук компанияның әзірге шешім таба алмай отырғанын айтты.
"Қазіргі таңда қысқамерзімді шешімдер жоқ. Біз тек төртінші қазанда эмульгаторларды орната аламыз. Олар қазаннан газдар мен күлді 98% тиімділікпен тазартады. Біз тағы алты осындай құрылғыны орнату туралы келісімшартқа отырдық, оның құны шамамен 600 миллион теңге. Бұл бағдарлама биыл аяқталады. Алайда біздің тарифтерге кірген инвестициялық бағдарламамыз бар-жоғы 700-800 миллион теңге. Бізде қазандық жабдықтарын жөндеу және қымбат жобаларды іске қосу үшін қажетті қаржы жоқ", - деді Кравчук.
Ол қара қар мәселесін шешу кезең-кезеңімен жүзеге асатынын қосты. 2024 жылы компания қалаға тұрақты жылу беру үшін қазандық жабдықтарын жөндеуге бағытталған.
Бірнеше күн бұрын Сәтбаев тұрғындары "қара қарға" қатысты жаппай шағымданған. Кейбір қала тұрғындары мұндай құбылыстың қалыпты жағдайға айналғанын айтса, басқалары балаларын үйден шығаруға қорқатынын мәлімдеді.
Облыс әкімдігі өкілдері ластанудың себебі арзан көмірді қолданудан туындап отыр деп мәлімдеді. Аймақтық экология департаменті де "қара қардың" ауа ластануымен байланысты екенін, бұл жағдайға Kazakhmys Distribution қазандықтары себеп болып отырғанын атап өтті.
"Қазақмыс" корпорациясының ең ірі акционері Kazakhmys Copper компаниясы, оның үлесі 99,1%. Компанияның соңғы аналық ұйымы - МФЦА-да тіркелген Kazakhmys Holding Limited, оның 70%-ы Владимир Кимге (Forbes журналының мәліметінше, Қазақстанның ең бай адамдарының төртінші орнында, байлығы 3,6 миллиард доллар), ал 30%-ы Эдуард Огайға (13-орында, байлығы 800 миллион доллар) тиесілі.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз