“Қазақмыс“ корпорациясының“ бірнеше қызметкері газдан уланды

"Қазақмыс" корпорациясының" бірнеше қызметкері газдан уланып қалды. Оқиға кеше, 17 желтоқсанда болған, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Ұлытау облыстық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының хабарлауынша, "Қазақмыс" корпорациясы" ЖШС кәсіпорнының бірнеше қызметкері 2024 жылғы 17 желтоқсанда "Жезқазған медициналық орталығы" ЖШС-на жүгінді.

Оларға "тұншықтырғыш газдан жеңіл улану" диагнозы қойылды.

"Ауруханаға жатқызатындай белгілер болмады. Науқастар тұрғылықты жері бойынша әрі қарай емделуге жіберілді", - деп хабарлады ведомство.

Massaget.kz редакциясының тілшісі оқиғаға қатысты Ұлытау облысының төтенше жағдайлар департаментінің және Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметіне ресми сауал жолдады.

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!