- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- "Қазақмыс корпорациясының" бөлім...
"Қазақмыс корпорациясының" бөлім басшысы ұсталды
Қылмыстық құқық бұзушылық жасады деген күдікпен "Қазақмыс корпорациясы" ЖШС заң қызметі департаменті шарттық-наразылық бөлімінің басшысы ұсталды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі компанияның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
"Қазақмыс корпорациясы" ЖШС заң қызметі департаментінің шарттық-наразылық бөлімінің басшысы қылмыстық құқық бұзушылық жасады деген күдікпен ұсталды.
"Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасы Қарағанды облысының Ішкі Істер Департаменті "Қазақмыс корпорациясы" ЖШС қауіпсіздік Дирекциясы қызметкерлерінің қатысуымен "Қазақмыс корпорациясы" ЖШС заң қызметі департаменті орталық өңірі заң басқармасының шарттық-наразылық бөлімінің бастығы Азат Мақсұтұлы Жұмабаев ҚР ҚК 194-бабының 1-бөлімінде көзделген қылмыстық құқық бұзушылық жасады деген күдікпен ұсталды. Қазіргі уақытта А.М. Жұмабаевқа қатысты тергеу шаралары жүргізілуде", - делінген хабарламада.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз
А. Жайыққызы