"Қазақмыс" корпорациясының өндіріс орнында жұмысшы әйел қайтыс болды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Бұл туралы компанияның сайтында жазылған. Баспасөз қызметінің мәліметінше, 2023 жылғы 22 қараша күні №2 Жезқазған байыту фабрикасында болған жазатайым оқиға болған.
"1980 жылғы машинист конвейер механизміне қысылып, салдарынан жарақат алып, мерт болды. Жедел жәрдем қызметкерлері оның қайтыс болғаны жайлы мәлімдеді", - делінген хабарламада.
Арнайы комиссия жазатайым оқиғаның мән-жайы мен себептерін анықтап жатыр.
"Қазақмыс" компаниясының басшылығы мен ұжымы марқұмның туыстары мен жақындарына көңіл айтты.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!