Қазақмыс кенішінде жұмысшы қаза тапты

Қазақмыс кенішінде жұмысшы қаза тапты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Оқиға 5 қарашада Шығыс Жезқазған кенішіндегі №57 шахтада болған

"Қазақмыс" компаниясы 2023 жылы 05 қарашада Шығыс Жезқазған кенішінің №57 шахтасында болған жазатайым оқиға туралы өкінішпен хабарлайды. Жұмысты орындау кезінде 1984 жылғы тау кен шебері өлімге әкелетін жарақат алды. Арнайы комиссия жазатайым оқиғаның мән-жайы мен себептерін анықтап жатыр. "Қазақмыс" компаниясының басшылығы мен еңбек ұжымы марқұмның туыстары мен жақындарына қайғыра көңіл айтады", - деп хабарлайды компания.

Олжас Адай

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз