- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- "Қазақи тәрбиеден тұйық...
"Қазақи тәрбиеден тұйық болып қалады". Бекзат Саттархановтың анасы ата-аналарға кеңес берді
Көпшілікте қазақ мектебіне баратын балалар тұйық болады деген түсінік таралған. Демек бұл тәрбие түрін өзгертуіміз керек пе, әлде қазақы тәрбие бала жетістігінің кілті ме? Massaget.kz тілшісі Бекзат Саттархановтың анасы Сырлыкүл Шойбекованың пікірін сұрады.
"Біздің балалардың қолында телефон болмайтын, ешнәрсе жоқ еді. Балаларымыздың дайындыққа кетіп, келгенін ғана біліп отыратынбыз. Немелерім өз қолымнан тәрбие алды. Оқуларын озат аяқтап, бәрі алтын белгімен бітірді. Немелерімнің алды өз саласы бойынша жұмыс істеп жатыр, енді бірі оқуын оқып жатыр.
Жалпы баланың тәрбиесі ата-анадан қолында. Қазіргі жасөспірімдер әке-шешесін тыңдамайтын сияқты, оларға ақылдан гөрі телефондағы қызықтар артық болып кетті. Содан болып қазіргі балалар өзгеріп келе жатыр. Біз үшін мүлдем бөлек", - деді Саттарханова.
Қазақы тәрбиемізді күшейтуіміз керек пе?
"Бұл баяғыдай баланы ұрып-соғып тәрбиелеу керек деген сөз емес, жай ғана ата-ана күнделікті көңіл бөлсе деймін. Оған сұрақ қойып, әңгімесін тыңдап, бағыт-бағдар беріп отырса жөн еді. Қазір әке-шешесі таңда жұмысқа кетіп, кешке бірақ оралады. Осы екі арада балаға мүлдем көңіл бөлінбей қалады. Бірақ қазіргі балалар мектептегі мұғалімді де тыңдамайды. Оның себебі телефонның ішінде керек емес дүниелерден деп ойлаймын. Меніңше, соны азайтуға тиіспіз", - деді Сырлыкүл Шойбекова.
"Бұрынғы тәрбиені ескіріп қалды деп ойлауға болмайды..."
"Ашық жақсы тәрбиеде беріп жүрген ата-әжелер бар. Қоғамда кемпір-шал сияқты қазақи болып қалады дейтін түсінік таралған. Ол дұрыс емес. Сол қазақы тәрбиенің арқасында қазір көптеген адамдар қазір басшы болып отыр. Ендеше Димаш Құдайберген қайдан шықты? Ол да үлкен кісілердің тәрбиесін алды. Қазақы тәрбиеден болып бала тұйық болып қалмайды. Ата-баба жолы мен дәстүрін біліп өссе оның озығын алып, тозығын реттеп отырса ол да мықты тұлға болып шығады", - деді ол.
Жасұлан Ордабаев
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!