- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- "Қазақфильмді" уақытша кім...
"Қазақфильмді" уақытша кім басқаратыны белгілі болды
Фото:
instagram.com/_aidar.kz
Шәкен Айманов атындағы "Қазақфильм" ұлттық киностудиясының президенті міндетін уақытша кім атқаратыны белгілі болды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі қазіргі кезде Шәкен Айманов атындағы "Қазақфильм" ұлттық киностудиясы штаттық режимде жұмысын жалғастырып жатқанын хабарлайды.
Ұлттық киностудия президенті міндетін Айдар Омаров уақытша атқарады.
Еске салайық, бұған дейін Азамат Сатыбалды "Қазақфильм" президенті қызметінен кеткенін растағанын хабарлаған едік.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!
М. Лұқпан