Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, композитор Қалдыбек Құрманәлі көп әйел алған Бекболат Тілеуханов туралы ойын айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Бұл туралы ол "Қасқа жол" бағдарламасында бөлісті.
"Досым болған. Бекболат не үшін 4 әйел алғанын өзінен сұрау керек. Мен ол үшін жауап бере алмаймын ғой. 4 әйел алды ма, жоқ па білмеймін. Бірақ өздері айтып отырады ғой. Мен біреуді аңдып, ешкімнен сұрағн жоқпын. Өз артын өздері ашып отырады ғой. Мен неге күйіп пісемін? Кейінгі ұрпаққа санасына әсер етеді ғой. Саф алтындай таза өнерге келемін деген жас ұрпақ санасын улайды. Жаным күйзелгеннен кейін айтамын. Қазақ өнерпазы деп айтуға арланатын адамдарды көргенде күйіп пісемін. Бекболатты өнеге ретінде алуға болмайды. Өзіне ұнаса, тағы 4-еуін алсын. Бекболат қазақ ұлтына өнеге болатын адам деп қабылдамаймын, ол - өз тағдырымен жүрген адам", - деді ол.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!