- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Қазақ ұлттық аграрлық...
Қазақ ұлттық аграрлық университінен 43,8 млн теңге ұрланды - прокуратура
Алматыдағы Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университетінен жалпы 43,8 миллион теңге болатын бюджет қаржысы ұрланғаны анықталды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі қалалық прокуратураға сілтеме жасап.
Прокуратура Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университетін тексерген. Нәтижесінде жалған тұқым себу және егіс алқаптарын өңдеу арқылы бюджет қаражатын ұрлау фактілерін анықтады.
Келтірілген шығын - 43,8 миллион теңге.
Тергеуді Алматы қаласы прокуратурасының Сотқа дейінгі тергеп-тексеру басқармасы жүргізіп жатыр.
Тағы бір дерек бойынша университетке тиесілі 7,9 миллион теңге болатын коммерциялық үй-жайларды жалға беру кезінде алаяқтық фактілері анықталды.
Сотқа дейінгі тергеп-тексеру Медеу ауданы полиция бөліміне тапсырылды.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!
Massaget.kz