Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамының төрағасы Рауан Кенжеханұлын қабылдады, деп хабарлайды Massaget.kz.
Кездесуде қазақ тілін оқыту әдістемесін жетілдіру, қазақша контент көлемін арттыру және мемлекеттік тілдің цифрлық кеңістіктегі қолданысын кеңейту мәселелері талқыланды.
Рауан Кенжеханұлы OpenAI компаниясымен бірлескен жоба аясында атқарылған жұмыстар туралы баяндады. Оның айтуынша, жоба шеңберінде:
Сондай-ақ Президентке Qazaq Tili Endowment қорының жұмысы таныстырылды. Қазіргі уақытта қорға жиналған жарна көлемі 824 миллион теңгеге жеткен.
Мемлекет басшысы Халықаралық "Қазақ тілі" қоғамының қызметіне оң баға беріп, алдағы жоспарына сәттілік тіледі. Президент мемлекеттік тілді үйрету және ғылыми еңбектерді аудару бағытында жасанды интеллект мүмкіндіктерін кеңінен пайдаланудың маңызды екенін атап өтті.