Ашық НҚА порталында республикалық орфографиялық комиссия туралы бұйрық пайда болды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Құжатқа сәйкес, Республикалық орфография комиссиясы Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі жанындағы консультациялық-кеңесші орган қызметін атқарады.
Комиссияның қызметі қандай?
- сөзжасамда, оның ішінде шеттілдік сөздерді игеріп жазуда фонетикалық, морфологиялық, дәстүрлі-тарихи принциптерді сақтау;
- қазіргі кезеңге дейін жазу тәжірибесінде қалыптасқан базалық нормаларды сақтау;
- қазақ тілінің үндестік заңын сақтау;
- сөздерді жазуда бірізділікті сақтау;
- тыныс белгілерін қоюда бірізділікті сақтау;
- сөздердің жазылуын ықшамдау;
- сөздік қордың көлемін кеңейту, жаңартып, жетілдіріп отыру;
- жиі қолданылатын (актив лексика) және қолданыстан шығып бара жатқан (пассив лексика) сөздерді саралау принциптерін ұстанады.
Комиссия қандай міндет атқарады?
- қазақ тілінің дұрыс жазу ережесiн, сөзжасам тәсілдерінің бірізділігін қалыптастыру бойынша ұсыныстар мен ұсынымдарды әзірлеу;
- қазақ тілінің емле ережесінің жобасын тілдерді дамыту саласындағы уәкілетті органға бекітуге ұсыну;
- қазақ тілінің сөздіктерін құрастыруға және басып шығару кезеңділігіне қойылатын талаптарды әзірлеу;
- қазақ тілінің сөздіктері мен анықтамалықтарының тізімін қалыптастыру бойынша ұсыныстар әзірлеу;
- қазақ тілі сөздіктерінің, анықтамалық құралдардың жобаларын келіп түскен жағдайда орфография нормаларына сәйкестігі тұрғысынан қарау;
- бiр графикалық жүйедегi мәтiндер мен жекелеген сөздердi басқа графикалық жүйенiң құралдарымен әрiппе-әріп арқылы беру мәселелері бойынша ұсыныстарды тұжырымдау;
- Комиссия жұмысын бұқаралық ақпарат құралдарында, интернет және әлеуметтік желілерде ақпараттық сүйемелдеу.
Республикалық орфография комиссиясының құрамына кімдер кіреді?
- Төраға: Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім вице-министрі;
- Төрағаның орынбасары: Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі Тіл саясаты комитетінің төрағасы;
- Хатшы: Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрлігі Тіл саясаты комитеті Лингвистикалық жұмыс басқармасының басшысы;
- Аитова Нұрлыхан Нұруллақызы - М.С. Нәрікбаев атындағы Қазақ гуманитарлық заң университеті акционерлік қоғамының доценті, филология ғылымдарының кандидаты (келісім бойынша);
- Алдаш Айманкүл Мырзалықызы - А. Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институты шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының ғылыми қызметкері, филология ғылымдарының докторы;
- Базарбаева Зейнеп Мүсілімқызы - А. Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институты шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының бас ғылыми қызметкері, Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылым академиясының академигі, филология ғылымдарының докторы;
- Ерғалиев Қуаныш Советұлы- Әлкей Марғұлан атындағы Павлодар педагогикалық университеті коммерциялық емес акционерлік қоғамының профессоры, филология ғылымдарының кандидаты;
- Ермекова Тыныштық Нұрдәулетқызы - Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті коммерциялық емес акционерлік қоғамының профессоры, филология ғылымдарының докторы;
- Жақыпов Жантас Алтайұлы - "Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті" коммерциялық емес акционерлік қоғамының профессоры, филология ғылымдарының докторы;
- Жалмаханов Шапағат Шарапатұлы - Академик Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды университеті коммерциялық емес акционерлік қоғамының профессоры, филология ғылымдарының докторы;
- Жұбаева Орынай Сағынғалиқызы - әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті коммерциялық емес акционерлік қоғамының профессоры, филология ғылымдарының докторы;
- Қалыбаева Қаламқас Сейдуллақызы - Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті коммерциялық емес акционерлік қоғамының профессоры, филология ғылымдарының докторы;
- Қапалбек Бижомарт Сейсенбекұлы - Мемлекеттік тілді дамыту институты жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің атқарушы директоры (келісім бойынша);
- Күдеринова Құралай Бимолдақызы - А. Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институты шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны директорының орынбасары, филология ғылымдарының докторы;
- Қарымбаева Күлзинат Мейрамбайқызы - М.Х. Дулати атындағы Тараз университеті коммерциялық емес акционерлік қоғамының Журналистика және филология кафедрасының меңгерушісі, филология ғылымдарының кандидаты;
- Маралбек Ермұхамет - А. Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институты шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны Ахметтану бөлімінің басшысы, "Лингвистика" мамандығы бойынша философия докторы (PhD);
- Момынова Бағдан Қатайқызы - А. Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институты шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының бас ғылыми қызметкері, филология ғылымдарының докторы;
- Нұрдәулетова Бибайша Ілиясқызы - Ш. Есенов атындағы Каспий технологиялар және инжиниринг университеті коммерциялық емес акционерлік қоғамының профессоры, филология ғылымдарының докторы;
- Оспанова Дана Жаңабекқызы - Шайсұлтан Шаяхметов атындағы "Тіл-Қазына ұлттық ғылыми-практикалық орталығы" коммерциялық емес акционерлік қоғамының "Терминология" бөлімі басшысының міндетін атқарушы, "Филология" мамандығы бойынша философия докторы (PhD);
- Оспанов Еділбай Төлеубайұлы - Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті коммерциялық емес акционерлік қоғамының "С. Қирабаев атындағы қазақ әдебиеті және оқыту әдістемесі" кафедрасының меңгерушісі, филология ғылымдарының кандидаты;
- Салқынбай Анар Бекмырзақызы - әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті коммерциялық емес акционерлік қоғамының профессоры, филология ғылымдарының докторы;
- Сәрсенбай Жанат Асылханқызы - "Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті коммерциялық емес акционерлік қоғамының аға оқытушысы, "Қазақ филологиясы" мамандығы бойынша философия докторы (PhD);
- Таласпаева Жанар Серкешқызы - Манаш Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университеті коммерциялық емес акционерлік қоғамының профессоры, филология ғылымдарының кандидаты;
- Фазылжанова Анар Мұратқызы - А. Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институты шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының директоры, филология ғылымдарының кандидаты.
Құжат 17 қыркүйекке дейін талқылауда болады.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!