Қазақ тіліндегі "Аватар: Су жолы" фильмі Қазақстандағы прокат бойынша абсолют рекорд орнатты

Қазақ тіліндегі "Аватар: Су жолы" фильмі Қазақстандағы прокат бойынша абсолют рекорд орнатты
Фото: Аватар 2: су жолы фильмінен алынған кадр

Қазақстанда Голливуд фильмдерін дубляж жасаудың 12 жылдық тарихында алғаш рет қазақ тіліне аударылған "Аватар: Су жолы" фильмі касса бойынша абсолют рекорд орнатты. Бұл туралы Disney студиясының ТМД және Қазақстандағы ресми дистрибьюторы Meloman компаниясы бөлісті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

"Аватар: Су жолы" фильмі - 10 жыл бойы күттірген кинорелиздердің бірі. Бұл жоба жайында too big to fail (сәтсіз болу үшін тым ірі жоба) деп айтамыз. Режиссер Джеймс Кэмерон кино тарихындағы ең қымбат кино өнім үшін өз мойнына үлкен жауапкершілік артты. Масштаб деңгейі, салынған ресурстар көлемі: қаржылық та, адамдарды жұмылдыру жағынан да таңғалдырады. Осының бәрі жобаны маңызды ғана емес, сондай-ақ тарихи жоба етеді. Осының бәрі кассалық жиынтық табыста көрініс тапты.

"Меломан" компаниясы - Қазақстандағы және ТМД елдеріндегі Disney студияларының ресми дистрибьютері - "Аватар: Су жолы" фильмінің кассалық жиынтық табысы сәтті болғанын қуана хабарлайды. Туынды ТМД елдерінде барлық сенімді ақтады. Жалпы кассалық табыс 7,4 миллион АҚШ долларынан асты (3,4 миллиард теңгеден аса), бұл "Аватар: Су жолы" фильмін ТМД тарихында ең сәтті туынды етеді. Тек Қазақстанда көрермен саны 1 000 000 асты. Енді Кэмеронның туындысы Қазақстан көрсетіліміндегі көркем және анимациялық фильмдер тізімінде көш бастап тұр. "Аватар: Су жолы" фильмі Marvel-дің "Өрмекші адам: Үйге қайтар жол жоқ" (2021) сынды блокбастерін артта қалдырды, оның кассалық жиынтық табысы 4,1 миллион АҚШ доллар болса, "Доктор Стрэндж: Ессіздік мультиғаламы" (2022) фильмінің кассалық жиынтық табысы 3,9 миллион доллар.

Көрермен мен баспасөз Джеймс Кэмеронның жұмысын Голливудтың елеулі туындысы деп атады. Расымен, бұл осы өндіріс саласындағы тарихи, мәдени меже. Оның мәнін түсіну үшін егжей-тегжейлі талдау мен көп мәрте қайта қарауды талап етеді. Қазақстандық көрермен осындай фильмді ана тілінде тамашалай алатыны бізді қуантады.

Голливуд фильмдерін қазақ тіліне дыбыстаудың 12 жылдық тарихында, "Аватар: Су жолы" Қазақстанда абсолютті рекорд орнатты. "Аватар: Су жолы" 2022 жылы қазақ тіліне дыбысталған үшінші Disney фильмі болды. Дубляжды Aray Media Group студиясы дайындады. Оның жұмыстары өте сапалы әдеби тілімен ерекшеленеді. Кино - тілді дамытудың тамаша тәсілі. "Аватар: Су жолы" жалпы табысы рекордтық 69 миллионан аса теңге. Жалпы қазақ тіліндегі көрсетілімді 42 мың көрермен көрді.

Тілді енді үйреніп бастаған қазақстандықтар үшін киноның үйрету әлеуеті жоғары. Естеріңізге сала кетейік, қазақ тіліне дыбысталған Disney/Pixar-дың алғаш фильмі 2011 жылы "Көліктер-2/Тачки-2" болған.

Фильмді көру барысында сөздік қорды байытып, түрлі сөз тіркестері мен тұрақты сөз тіркестерінің мағынасын контекст арқылы түсінуге болады. Aray Media Group аудармасы - "Аватар: Су жолы"/"Аватар: Путь воды" фильмін екінші мәрте көруге тағы бір себеп, бірақ бұл жолы тіл үйрену мақсатында.

Егер осы тамаша фантастикалық фильмді үлкен экранда көріп үлгермесеңіз, "Аватар: Су жолы"/"Аватар: Путь воды" еліміздің барлық кинотеатрларында көрсетіліп жатыр. Сеанстар үш тілде: қазақ, орыс және ағылшын.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

С. Бөлек