Германияда қазақ тілінде тілек айтқан немістер Қазнетті тәнті етті, - деп хабарлайды Massaget.kz.
Видео TikTok-та жарияланды. Жазба авторы ролик Германияда түсірілгенін айтады.
"Біз бүгін бұл дастарқандамыз, үлкен ағамыз Қазақстаннан келді. Риза келді. Үлкен рақмет айтамыз. Бала-шағаларың аман болсын. Денсаулықтарың мықты болсын. Германияға келсеңдер біз риза боламыз", - дейді видеодағы ер адам.
@aman_bolatuly #Тіл ♬ оригинальный звук - Aman Bolatuly
Видео аз уақыт ішінде 10 мыңнан аса қаралым жинап, видеоға 1,5 мың адам лайк басқан.
Желі қолданушылары тілек айтқан адамға алғыс білдіріп жатыр.
"Жарайсыңдар, неміс халқы, қайда жүрсеңдер де аман болыңдар", "Сөзім жоқ. Тек қана құрмет", "Міне, нағыз қазақтар, өзім ұялып қалдым", "Тілді қалай ұмытып қалмады екен? Өзара қазақша сөйлесетін шығар", "Қазаққа деген құрметтеріңе рақмет", - деп пікір білдірген Қазнеттегілер.