Халықаралық "супер тілдер әсеріне ұшыраған басқа тілдер секілді қазақ тілі де үлкен сынақтан өтіп жатыр. Қазақ тілін үйренуді неден бастаған жөн және қандай ерекшеліктерді ескеру керек? I-BALAQAI шығарылымында бұл сұрақтарға сарапшы жауап береді, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Бүгін, 16 қыркүйек, сағат 20.00-де I-BALAQAI YouTube-арнасынан тамашалаңыздар. TILDAUA онлайн мектебінің негізін қалаушы, филолог, жоғары санатты әдіскер-мұғалім Төлеу Аймағанбетова мемлекеттік тілді үйренудің ерекшеліктері туралы айтады.
Ақпараттық серіктес – "ВКонтакте" әлеуметтік желісі.
Хабардың жүргізушісі – журналист, телерадио жүргізушісі Махаббат Есен.
Жоба туралы толығырақ Инстаграмдағы I-BALAQAI ресми парақшасынан оқи аласыз.
Бағдарлама түсіруге жайлы орын ұсынған Sheraton Nur-Sultan қонақүйіне ризашылығымызды білдіреміз.