Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі айына 2 миллион теңге табудың сырын айтты

Қазақ тілі мен әдебиетінен сабақ беретін қарапайым мұғалім әлеуметтік желі арқылы табыс табудың сырын бөлісті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Аққу Адасбекова есімді қазақ тілі мен әдебиетінен сабақ беретін қарапайым мұғалім "Шебер ұстаз" бағдарламасында қалай 2 миллион табыс тапқанын айтып берді. 

"Айлық табысым 1 миллион мен 2 миллионның арасында деп айтайын. Қатты күш салсаң, одан да көп ақша табуға болады. Маған онлайнның көп әсері тиді, көп мүмкіндік берді. Рухани және материалдық жағдайымды көтеруге көмектесті. Негізі ақша табамын деп келмеу керек екен. Жасыратыны жоқ, басында бәріміз сол ақшаның соңынан келдік қой. Бірақ бәрін уысымызда ұстап тұра алмайтынымызды түсіндім. Біліміңді жетілдіріп, басқа мұғалімдерге пайдалы боламын деген сайын ақша өзінен-өзі келе береді", - деді Аққу Адасбекова. 

Мұғалім қазір онлайн да, офлайн да табыс тауып отырғанын айтты. 

Айта кетейік, Аққу Адасбекованың Instagram-парақшасында 31 мың оқырманы бар. Ол ауылда қазақ тілі мен әдебиетінен сабақ береді. 12 жылдық еңбек тәжірибесі бар. 7 жыл директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары болып жұмыс істеген. Онлайн жұмыс істеп жүргеніне екі жыл болған. 

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!