- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- "Қазақ оюын әлемге...
"Қазақ оюын әлемге танытқым келеді". Макияжды қазақша оюмен өрнектеп жүрген қыз кім?
Қазақ құндылықтарының бірі - ою-өрнек. Ежелде ата-бабамыз оюға ерекше ықылас қойып, әр символға мағына беруге тырысқан. Бұл туралы археология мектебiнiң негiзiн қалаушы, ғылымның көп саласына үлес қосқан Әлкей Марғұлан да "қазақ халқы кілең ою-өрнек ортасында өмір сүреді" деген. Заман ағымына қарай қолданбалы өнер түрлі жолмен дәріптеле басталды. Соның бірі - бет әрлеу арқылы қазақы болмысты көрсету.
Қазір бет әрлеудің өзі өнер түріне айналды. Бұрын адамдар түрлі бояу жағып, бет әрлеу арқылы өз көзқарасын, позициясын білдіретін еді. Ал қазір трендте - бояусыз, табиғи сұлулық. Алайда макияжбен ерекше көріну үшін қымбат бояудың қажет емес. Ол үшін өз стиліңізді табуыңыз керек. Massaget.kz тілшісі макияжды қазақша оюмен өрнектейтін кейіпкермен сұхбаттасты.
Желіде қазақша оюлы макияж жасап, ерекше стиль қалыптастырып жүрген Айдана 21-де. Ол қазір киім дүкенінде менеджер болып істейді. Бос уақытында қолына бояу алып, түрлі макияж үлгісін жасауға тырысады.
"Мен - визажист (бет әрлеуші - еск.) емес, суретшімін. 5 жасымнан суретке деген қызығушылығымды байқаған ата-анам сурет мектебіне берген. Содан бері өмір бойы сурет салып келемін", - дейді ол.
Айдананың TikTok-тағы видеолары бірнеше мың қаралым жинап, қолданушыларды тәнті етіп жатыр.
@everybodyloves_periste Peri?? #пері #суперісі #qazaqmakeup #oyu #қазақшамакияж #оюөрнек #қамажай #makeup #макияж #qazaqmusic #ethnicmakeup ♬ оригинальный звук - роночка карась
Кейіпкердің макияждағы ерекше стилінің қалыптасуына бала кезде көрген мультфильмдер әсер еткен.
"Ерекше макияжға қызығушылық балалық шағымнан басталған сияқты. Мультсериалдардағы кейіпкерлерді көріп, соларға еліктегім келген. Winx-тегі перілер, Bratz-тағы модельдер, Барбидің түрлі мультфилімінде ашық түс, креатив, бұрын-соңды көрмеген образ қатты шабыттандыратын. Ал жасөспірім кезімде Pinterest-ті (қосымша - еск.) ашқалы бері өмірім өзгерді", - дейді бет әрлеуші.
Ал макияж жасауға ынтаны "Эйфория" сериалы ашқан. Оның айтуынша, ол кезде бояуы болмаған соң, әпкелерінің бояуын пайдаланған.
"2018 жылы "Эйфория" сериялы шыққаннан кейін үйдегі әпкелерімнің ескі бояуларымен тәжірибе жасап бастадым. Содан әлі үйреніп, жаңа идеяларды іздеп жүрмін. 2022 жылғы наурызда маған "Неге тек наурызда оюлы киім киіп, оюы бар макияж жасаймыз? Күнделікті өмірде неге солай жүрмеске?" деген ой келді. Сол уақытта tribal (этникалық - еск.) стиліндегі тату мен макияждар тренд болатын, соны оюмен үйлестіріп макияж жасау ойыма келген. Күнде жай боянып қана қоймай, кейін келе оны өзге адамдармен де бөліскім келді. Солай былтыр күзде TikTok-қа тіркелдім", - дейді суретші.
@everybodyloves_periste Unaídy magan?? #qazaqsha #qazaqmakeup #gashyqtar #gashyqtar_kúni #valentinesdaymakeup #heartmakeup #makeuptutorial #makeup #makeuptransformation #fypシ #рек ♬ Ұнайды маған - aruhott
Айдана трендтегі макияждарға қазақша ою қосып жасауға тырысады.
"I'm cold макияжын тек тренд болғандықтан істеп едім. Бірақ сол макияжды жай қайталаудың орнына қазақ қызы бейнеленген суреттердегі "сұлулық стандарттарына" сүйеніп, бет әрлеу техникасын назарға алдым. Сол контурингті бөліскім келген. Ал көк, күлгін түс пен ою қосу ойыма макияж аяғында келді. Бет әрлеу, бояу - мен үшін қағазда сурет салғанмен бірдей. Шабыттанып, толығымен өнерге берілгенде түрлі жаңа макияж пайда болады", - дейді ол.
@everybodyloves_periste Қазақ аруының қыстық бет бояуы?❄️ Видеодағы “қазақша контуринг” қазақ аруының ескі сұлулық стандарттары бойынша жасалса да қазіргі күнде дейін керемт жарасады деп ойлаймын☺️? Song cover:@aminlovv_ #qarlygash #құралайкөзқолаңшаш #qazaqaruy #qazaqmakeup #makeup #makeuptutorial #imcoldmakeup #ethnicmakeup #переписка #qazaqvibe #qazaqsha #fypシ #рек #рекомендации? ♬ оригинальный звук - Амина
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Ол макияждарына атау беріп үлгерген. Айдананың айтуынша, оған "Ғашықтар" мен "Сары-қызыл" макияжы ұнайды. Бұдан басқа, оның I'm cold, Peri (Пері - еск.) оюлы макияж үлгілері бар. Оның арманы - қазақша оюды насихаттап, дәріптеп, әлемге таныту.
"Күнде қолымды жаттықтыру үшін шабытымды қазақ музыкасынан, оюлардан, заманауи make up әртістерден аламын. Кейде макияжда маған түстердің үйлесімділігі мен оюдың формасы ұнаса, кейде идея мен процесі ұнайды. Қазақ оюын әлемге танытқым келеді", - дейді Айдана.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Жақында MAC косметика брендінің Қазақстандағы ресми Instagram-парақшасы пайда болды. Онда қазақша оюлы make up үлгілері пайда болған. Айдананың айтуынша, бұл make up үлгілері сәтсіз шыққан.
"MAC компаниясының оюлы макияжының сәтсіз шыққанының себебі - менің ойымша, оюды алдын ала дұрыстап зерттемеу. Жұмыс алдында материалмен танысып, ізденіп, оюларды көрпелерден, киімдерден, әшекей бұйымнан, тарихи кітаптардан қараса ерекше образ жасаса, қолдарынан келер еді. Олардың бұл ойы маған ұнағандықтан, олардың қатесі жайлы видео түсіргім келді. Қазақстанда оюлы макияждың жарнамасы арқылы біздің өнерді жақсы жағынан көрсетіп, мен сияқты макияжға қызығатын адамдарды шабыттандыратын еді", - дейді ол.
@everybodyloves_periste I’m really upset about the promo( @maccosmetics #qazaqmakeup #oyu #қазақшамакияж #оюөрнек #makeup #өзойым #макияж #maccosmeticsqaz #maccosmetics #maccosmeticsqazaqstan #переписка ♬ Kok - dudeontheguitar
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
С. Бөлек