Каспий құбыр консорциумы (КҚК) Украинаға қарсы халықаралық сотқа шағым түсіру процесін бастады, осылайша дрон шабуылы салдарынан мұнай айдау станциясына келген шығын үшін өтемақы талап етпек, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі РИА Новости басылымына сілтеме жасап.
Бұл туралы КҚК басшысы Николай Горбан мәлімдеді.
"Бізде мұндай заңды халықаралық мәртебе жоқ, сондықтан халықаралық сотқа тікелей шағым түсіре алмаймыз. Бірақ сотқа жүгіну үшін процесті бастадық", - деді Николай Горбан.
Консорциум басшысы сот талқылауының мерзімі әлі белгісіз екенін айтты. Талап етіп отырған сома тікелей және жанама шығындарды қамтиды.
2025 жылғы 17 ақпанда Каспий құбыр консорциумының (КҚК) ең ірі мұнай айдау станциясы саналатын Ресей Федерациясындағы "Кропоткинская" ЖЗҚ шабуылға ұшырады. Шабуылдан зардап шеккендер жоқ.
Станция қаншалық зақымға ұшырағанын және қалпына келтіру мерзімдерін бағалау үшін КҚК бас директоры Николай Горбан бастаған топ оқиға орнына барды.
Кейінірек "Транснефть" компаниясы мәлімдеме жасап, Каспий құбыр консорциумының (КҚК) "Кропоткинская" ірі мұнай айдау станциясына жасалған дрон шабуылы салдарынан Қазақстаннан мұнай айдау көлемі шамамен 30 пайызға төмендеуі мүмкін екені айтылды.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!