Франция президенті Эмманюэль Макрон Ақордадағы шағын құрамдағы келіссөзде қазақ мектептерінде француз тілі оқытыла бастағанын қалайтынын мәлімдеді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
"Біз мәдени байланыстар көбірек болғанын қалаймыз, қарым-қатынасымыздың осы қырын дамытқымыз келеді. Қазіргі жағдайдан әлдеқайда алға жылжығымыз келеді", - деді Франция басшысы.
Макрон мысал ретінде француз тілі қазақ мектептерінде қайта оқытылуы екенін айтты.
"Біз жағдайды өзгерту үшін бар күш-жігерімізді салуға дайынбыз. Мен білім беру ұйымдары арасында қол қойылған үкіметаралық келісімге үлкен үміт артатыныма өте қуаныштымын. Мен серіктестігіміздің жаңартылғанына және француз-қазақ университетінің 2024 жылғы қыркүйекте жұмыс істейтініне қуаныштымын", - деді Макрон.
Олжас Адай
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!