Қазақ қызы Көшпенділер ойынына келген испаниялықтарды таңғалдырды

Домбыра шерткен қазақ қызы Көшпенділер ойынына келген испаниялықтарды таңғалдырды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Аида Ахметова есімді домбырашы қыз шетелдіктерге Дина Нұрпейісованың күйі "Науысқыны" шертіп, қонақтарды тәнті етті. Бұл видеоны ол әлеуметтік желідегі парақшасында бөлісті. 

"Испаниялықтарды қазақ өнерімен таңғалдырдым", - деп жазған ол. 

@a.akhmetova Испандықтарды қазақтың өнерімен таңғалдырдым 🥰 #рек #fyp #қазақстан #рекомендации #қазақ #домбыра #dombyra #qazaqstan #qazaq #испания #домбырашықыз ♬ оригинальный звук - Аида Ахметова

Желі қолданушылары қыздың өнерін жоғары бағалап, пікір қалдырған. 

"Олар емес, өзім таңғалып отырмын", "Испаниялықтар түгілі қазақтың өзі де таңғалды ғой мынадай өнерге", "Аузын ашып қалды ғой, шіркін, қазағымның домбырасы", "Жарайсың", "Пах, шіркін, домбыраның үні керемет қой", "Бәрекелді, өнерің өрлей берсін", - деп жазған олар. 

Еске салайық, 8 қыркүйекте Астанада Дүниежүзілік көшпенділер ойындары басталды. V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының алғашқы күндерінде Қазақстан ұлттық құрамасы 25 медальға ие болып, көш бастады.   

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!