Қазақстандық саясаттанушы әрі балаларды дамыту CDF қоғамдық қорының негізін қалаушы Дина Шайхислам АҚШ-тың жақында сайланған президенті Дональд Трамптың инаугурация рәсіміне арнайы шақыртылды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Бұл туралы Дина әлеуметтік желідегі парақшасында хабарлады. Видеодан шақырудың құрамына инаугурацияға кіру билеті, қосымша шақырту хаттары, Дональд Трамп пен жаңа вице-президент Джей Ди Вэнстің қолтаңбасы бар фотосуреттер, инаугурация бағдарламасы кіретінін көруге болады.
"Бүгін мен Президент Трамп пен Вице-президент Вэнстің инаугурациясына ресми шақырту алдым", - деп жазды ол.
Сондай-ақ ұлықтау рәсіміне Қазақстан атынан АҚШ-тағы елші Ержан Ашықбаев қатысады. Ержан Ашықбаев 2021 жылғы 5 сәуірден бастап Қазақстанның АҚШ-тағы төтенше және өкілетті елшісі қызметін атқарады.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Айта кетейік, Дональд Трамптың АҚШ-тың 47-президенті ретінде инаугурациясы 2025 жылдың 20 қаңтарында Вашингтонда, жергілікті уақытпен сағат 12:00-де өтеді.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!
А. Бақдаулет