- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- "Қазақ қыздарын сындыру"...
"Қазақ қыздарын сындыру" курсын өткіземін деген ресейлікке Қазақстанға кіруге тыйым салынды
"Қыздарды сындыру" туралы тренингтер мен кітаптардың авторы ресейлік Алекс Леслиге Қазақстанға кіруге тыйым салынды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Желіде Мұхамеджан Тазабектің Алекс Леслиге қатысты үндеуі жарияланған.
"Қызыңды қорлаймын" десе үніміз шықпайды, "қатыныңды зорлаймын" десе дымымыз шықпайды... Ішіп-жеген, жатып-тұрған хайуаннан қандай айырмашылығымыз бар?! Біздің бүкіл энергиямыз бен мінезіміз өзара қырқысқанда ғана керек сияқты... Бірі-бірімізге тісіміз пышақтай, қолымыз қанжардай... Жаттың жаулауы мен бөтеннің бұзықшылығына мәу демейміз... Қайдасың коменттің командирлері мен дизлайктің дивизясында жүргендер?!" - деп жазған ол Желіде.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Полиция департаменті мәліметінше, оған Қазақстанға бір жыл көлемінде келуге тыйым салынған.
"Қабылданған шаралар бойынша Ресей азаматы Алекс Кирилловтың Қазақстанға келуіне бір жылға тыйым салынды", - делінген хабарламада.
Еске салайық, бұған дейін "қазақ қыздарын сындыру курсын" өткіземін деген ресейлік Желідегі парақшаларын жауып тастағаны хабарланған болатын.
@massaget.kz #алекслесли#қазақстан#казахстан#лесли#пикапер#тренинг#ресей#россия#тыйым#запрет#1жыл ♬ оригинальный звук - Massaget.kz
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
Ж. Қадыржанова