Қазақ қыздары ғашық болған корей актерлері қазір қайда жүр?

Қазақ қыздары ғашық болған корей актерлері қазір қайда жүр?

2000-жылдары қазақ қыздарының сүйікті кейіпкерлерін ойнаған актерлердің жасы қазір 40-тан асты. Көбі отау құрып, балалы болды. Олар қазір тек актер емес, сонымен қатар, продюсер, музыкант, режиссер, тіпті кейбірінің өз компаниясы бар. Massaget.kz тілшісі кейінгі 20 жылда қазақ қыздары ғашық болған корей актерлерінің тағдырына шолу жасады.

Ким И На

"Ва-Банк" телехикаясының жұлдызы, талай қыздың жүрегін жаулаған Ли Бён Хон  қазір 52 жаста, ал биыл телехикаяның жарыққа шыққанына 19 жыл. Егер бұл сериалды телеарнадан көрсеңіз, демек жасыңыз 20-дан асты. 

Сериал сәтті аяқталған соң, актер мен актриса Соң Хе Гё арасында ұшқын пайда болып, екеуі жүре бастаған. Бірақ ол ұзаққа созылмады, жұп бір жылдан кейін қатынасты үзгенін хабарлады. Актер 2013 жылы Ли Мин Чжон есімді актрисаға үйленді. 2015 жылы жұптың баласы дүниеге келді.

Ли Бён Хён 1995 жылдан бастап киноға түсе бастаған, ол түскен телехикая мен фильмдер саны - 33. Кейінгі түскен сериалы "Кальмар ойыны" мен "Біздің блюз" сериалдары танымалдыққа ие болды.

Ханзада Жумоң

Ханзада Жумоң немесе Соң Иль Гук қазір біраз жасқа келіп қалды. Актер 2008 жылы Пусан судьясы Чоң Сың Ёнмен отау құрды. 2012 жылы отбасыда үшем дүниеге келеді. Балалардың есімдері де, өздері де ерекше. Тэ Хан, Мин Гук, Ман Сэ есімдері "Корея Республикасы жасасын!" деген мағына береді.  

2010 жылғы сәуірде "Жумоң" сериалы Қазақстанда танымал бола бастағанда, Соң Иль Гук мемлекет басшыларымен, соның ішінде Қазақстан Президентімен бірге Ақ үйге қонаққа шақырылған. Ал 2009 жылы Гавайи да 21 наурызды Соң Иль Гук күні деп жариялады.

2014 жылы актер балаларымен The return of Superman жобасына түсті. Ал биыл үшемі 3-сыныпқа аяқ басты.

Гу Чёң Пё

Нағыз "Жігіттің сабазына" айналған Ли Мин Хо әзір бойдақ. Телехикаядан кейін Гым Чан Ди ролінде ойнаған Гу Хе Сон мен Гу Чёң Пё кейіпкерін сомдаған Ли Мин Хо арасында ұшқын пайда болды деген сыбыс тарады. Бірақ ол расталмады, тіпті әртістер бұған пікір де білдірмеді. 

2015 жылы Ли Мин Хо әнші, актриса Сюзимен жүретінін растады. Бірақ жұп 2 жылдан кейін ажырап кетті. 

Ли Мин Хоның кейінгі түскен сериалы "Пачинко" танымалдыққа ие болды. Қазір актер "Жұлдыздардан сұра" сериалына түсіп жатыр, ол Instagram-парақшасында түсірілім алаңында болған қызық оқиғаларымен бөлісті. 

Юн Чи Ху

Қазақ қыздарының жүрегіне Гу Чёң Пёмен бірге Юн Чи Ху да таласып еді. Ким Хён Жунның актер әрі әнші екенін білетін бе едіңіз? Ол танымалдыққа ие болғанға дейін, SS501 тобының вокалисі болды. Кейінгі түскен сериалы 2018 жылы шықты. Қазір ол әншілікке көп көңіл бөліп, түрлі концерттер беріп жүр.  

2014 жылы оны бұрынғы сүйіктісі зорлады деп айыптады, сот процесі ұзаққа созылып, нәтижесінде оның кінәсіз екені дәлелденді. Қазір Ким Хен Жун үйленді, оның әйелі танымал емес. Ал жақында актер Ilgan Sports басылымына балалы болатынын айтты.

"Ыстық ұя"

"Ыстық ұя" телехикаясында ерке бала Ли Ёң Жэның ролінде ойнаған Рейн сериал аяқталған соң танымалдыққа ие болды. Ол бірден "It's raining" альбомын жарыққа шығарып, Корея, Жапония, Сингапур, тіпті АҚШ-та концерт берді. 2015 жылы R.A.I.N. компаниясының негізін қалады.

Актер 5 жыл бойы Кореяның ең сұлу актрисасы Ким Тэ Химен қарым-қатынаста болып, 2017 жылы отау құрады. Жұптың қазір 2 қызы бар. 

Рейн немесе Чоң Жи Хун - әнші, актер, композитор әрі продюсер. Қазір әртіс "Street Women Fighter" жобасын жүргізеді. Бұдан басқа, ол АҚШ-та жоспарланған жаңа жобаға қатысу туралы келіссөздер жүргізіп жатыр.  

Ча Му Хёк

2004 жылы Ча Му Хёкті ойнаған Со Жи Соп "Кешір, мен сені сүйемін" телехикаясы арқасында қазақ қыздарының арасында танымал болды. Бұдан басқа, оған "Күн әміршісі", "О, менің Венерам" телехикаялары да танымалдылық әкелді.

2020 жылы ол диктор Чо Ын Жоңмен отау құрды. Бір сұхбаттарында ол 35 жасында отбасылы болуды армандайтынын айтқан, бірақ актер отауын тек 41 жасында құрды. Ол киноға түсіп қана қоймайды, оның 1 саундтрегі мен 3 кітабы бар. 26 қазан актердің жаңа туындысы көрермен назарына ұсынылмақ. 

Сон Сын Хон

"Жүрегімде қалған күз", "Менің ханшайымым" сериалдарында басты кейіпкерді сомдаған Сон Сын Хон биыл 45 жаста. Актердің фильмографиясында қазір 32 туынды бар.

2015 жылы ол қытай дипломатының қызы Лю Ифеймен отау құрады деген қауесет тарады, алайда актердің басы әлі бос. Жұптың неге отау құрмағаны, неге ажырасып кеткені туралы ешқандай мәлімет жоқ.

Сон Сын Хон биылғы ақпаннан бастап Delivery Knight сериалының түсірілімін бастап кетті, жақында телехикая көрерменге жол тартады. 

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

С. Бөлек