Тәуелсіздік мерекесі және Жаңа жылда Қазақстан мен Қытай шекарасындағы көлік өткізу пунктері жұмыс істемейді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Мемлекеттік кірістер комитетіне сілтеме жасап.
МКК ауа райы жағдайын ескеріп, жүкті тасымалдау маршрутын алдын ала жоспарлауды және өткізу пункттеріне брондалған күні келуге кеңес береді.
Қазақстан-Қытай шекарасындағы пункттер арқылы жүк көліктерін өткізу CarGoRuqsat автоматтандырылған электронды кезек жүйесі арқылы жүргізіледі.
"Қос мемлекет арасындағы келісімге сәйкес, 2023 жылғы 16-17 желтоқсан - Тәуелсіздік күні және 2024 жылғы 1-2 қаңтарда Жаңа жылды мерекелеуге байланысты Қазақстан-Қытай шекарасындағы көлік өткізу пунктері жұмыс істемейді. Бұл күндері адамдар, көліктер мен жүктер шекарадан өткізілмейді.
Алайда Қазақстан-Қытай шекарасындағы теміржол өткізу пункттері штаттық режимде жұмыс істейді", - деп жазылған хабарламада.
Аяз Есен
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз