Қазақ-қытай қатынастарына жоғары баға берілді 

Қазақ-қытай қатынастарына жоғары баға берілді 
Фото: Ақорда

Мемлекет басшысы Қытайдың Халықтық саяси консультативтік кеңесі Бүкілқытайлық комитетінің төрағасы Ван Хунинмен келіссөз жүргізді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап. 

Ван Хунин қазақ-қытай қатынастарына жоғары баға берді. 

"Сіздің басшылығыңызбен Қазақстанның қарқынды дамып, тұрмыс деңгейі ұдайы жоғарылап келеді. Бұл – таңғаларлық нәтиже. Бүгін Сіз "Бір белдеу, бір жол" III форумының ашылу рәсімінде өте мазмұнды сөз сөйлеп, ынтымақтастыққа қатысты бірқатар маңызды ұсыныс айттыңыз. "Бір белдеу, бір жол" аясындағы стратегиялық серіктестіктің 10 жылында барлық тараптың ортақ күш-жігерінің арқасында біз зор жетістіктерге қол жеткіздік. Сіз Си Цзиньпин мырзамен ұдайы тығыз байланыста болып, көптеген кездесу өткіздіңіз. Сонымен қатар сіздер қазақ-қытай қатынастарының жаңа "алтын 30 жылдығын" бастап бердіңіздер. Қытай тарапы екі ел басшылары қол жеткізген маңызды уағдаластықтарды жүзеге асыру жолындағы ынтымақтастықты бірлесе ілгерілетуге дайын", – деп сенім білдірді Қытайдың Халықтық саяси консультативтік кеңесі Бүкілқытайлық комитетінің төрағасы.

Сондай-ақ әңгімелесу барысында екі елде жүргізіліп жатқан жан-жақты реформалар жөнінде айтылды. Қасым-Жомарт Тоқаев пен Ван Хунин барлық деңгейдегі белсенді саяси диалогты жалғастыру маңызды екенін атап өтіп, екіжақты қарым-қатынастың бүкіл бағыты бойынша ынтымақтастықты нығайту перспективаларын талқылады.

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!

С. Сатыбалдина