Қазақстанның Халық әртісі, Мемлекеттік сыйлықтардың лауреаты, театр әрі кино актері, режиссер Асанәлі Әшімов Қазақстанда АЭС салу мәселесі бойынша референдумда дауыс берді, – деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Алматы қаласы ӨКҚ-ға сілтеме жасап.
Қазақ киносының аңызы жұбайымен бірге Б.Момышұлы атындағы №131 мектеп-лицейде орналасқан №382 сайлау учаскесінде дауыс берді.
Асанәлі Әшімов бұл оқиғаның еліміз үшін маңызына тоқталды.
"Бұл – біздің азаматтық борышымыз, оны елеусіз қалдыруға болмайды. Мемлекет халықтың шешім қабылдауына мүмкіндік берді. Сондықтан референдумда дауыс беру маңызды. Ел өркендеуі керек, бұл біздің қолымызда!" – деді Асанәлі Әшімов.
Еске салайық, 2 қыркүйекте Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанда атом электр станциясының құрылысы бойынша референдум өткізу туралы Жарлыққа қол қойды. Қазақстан АЭС-ке қатысты референдумды өткізуге 15,5 миллиард теңге жұмсайтыны хабарланды.
Кейінірек Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Нұрлан Әбдіров Қазақстанда АЭС салу бойынша өтетін референдумда бір ғана сұрақ қарастырылатынын айтты.
АЭС салу референдумы қалай өтеді?
Сондай-ақ Қазақстанда АЭС салуды қолдау жөніндегі халықтық штаб құрылды.
АЭС бойынша референдум: бюллетеньде не жазылады?
Өңірлердің АЭС құрылысы бойынша референдумға дайындығы қандай?
Энергетика министрлігі өкілі Massaget.kz-ке берген сұхбатында Қазақстан АЭС құрылысын жүргізетін елге тәуелді болмайтынын мәлімдеді.
Дауыс беретін учаскені анықтауға арналған нұсқаулықпен мына жерден таныса аласыздар.
Айта кетейік, Қазақстан заңнамасына сәйкес, референдум – маңызды мәселелер бойынша жалпыхалықтық дауыс беру. Оны "Республикалық референдум туралы" Конституциялық заң реттейді, ал ұйымдастырумен арнайы құрылған комиссия айналысады.
Референдум бойынша дауыс беру бүгін, 6 қазанда сайлау учаскелерінде сағат 07:00-ден 20:00-ге дейін өтеді. Бұл ретте 80-нен аса учаске өз жұмысын 06:00-де бастады. Республика бойынша дауыс беруге арналған 10 000-нан аса учаске бар. Шетелде Сеул мен Токиода учаскелер бірінші ашылды.
Жергілікті атқарушы органдар республика бойынша дауыс берушілердің тізіміне 12 миллион 244 мың 683 азаматты енгізді.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!