Қазақстан тумасы Санжар Әбішев Лондонның Сент-Джеймс ауданының мэрі болып сайланды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Бұл туралы әлеуметтік желіде кәсіпкер Қанат Көпбаев жазды.
"Қазақ жігіт Лондондағы St. James ауданының мэрі болып сайланды. Менің ескі досым, кәсіпкер Азат Әбішевтің ұлы Санжар небәрі 33 жаста. Лондондағы атақты Malvern колледжін, сосын университет бітіріп, енді қалалық Westminster City council атқарушы органына мүше болып енді. Консервативті партия өкілі ретінде бас бәсекелес лейбористерден 350 дауысқа озып шықты. Құтты болсын, Санжар Азатұлы, үлкен саяси шыңдардан көріне бер!" - деп жазды ол.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Айта кетейік, Сент-Джеймс ақсүйектер ауданы деген атауға да ие. Ол - Лондонның қақ ортасында, жүрегінде орналасқан беделді аудан.
Санжар Әбішев туралы не белгілі?
Ашық дереккөз мәліметіне сүйенсек, ол Malvern колледжі мен университетін тәмамдаған. Әр жылдары Ұлыбританиядағы түрлі компанияда маркетинг маманы болып жұмыс істеген. 2016 жылдан бері ол ірі брендтермен жұмыс істейтін маркетинг агенттігін дамытып келеді. Сонымен қатар, 2015 жылы бірнеше әлеуметтік жобаны қолдайтын жеке қайырымдылық ұйымын құрған.
Санжар Әбішев саяси аренада 2022 жылдан бері көріне бастағаны айтылады.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!
Ж. Қадыржанова