26 жастағы қазақ жігіті Қарағандыға Қытайдан жаяу келген. Есбол Асқарұлы 50 күнде үш мың шақырымнан астам жол жүріп өткен. Бұл туралы "Сарыарқа" телеарнасы хабарлады.
Қытай азаматы өз сапарын алдағы Қазақстан астанасы күніне арнады. Оның ата-бабасының жеріне жетуіне ешбір ауа-райы кедергі болған жоқ.
"Мені қолдаған баршаға алғыс айтамын. Жолда көрсеткен көмегіңіз үшін барша қандас бауырлар атынан алғыс айтамын", - деді Есбол Асқарұлы.
Марафоншы Қазақстанның бай табиғатына тәнті болған, оны шексіз кең дала таң қалдырған.
"Біз әлемнің 36 еліне тарап кеттік. Мен ата-бабамның киелі жерлерінен өттім. Барша этникалық қазақтардың атынан өз миссиямды орындадым деп айтамын", - дейді саяхатшы.
Бұл Есболдың Қазақстанға бірінші сапары. Мүмкін ол сапарын одан әрі республиканың басқа қалаларына жалғастыратын шығар.