32 жастағы алматылық Рустам Разиев 11 жылдан бері Мельбурн қаласында тұрып жатыр. Аустралияда қайырымдылық жасаған қазақстандық танымал болып кетті. Tengrinews.kz тілшісі қазақстандықпен сөйлесті, - деп хабарлайды Massaget.kz.
Рустам Разиев Алматыда туған, 2006 жылға дейін Қазақстанда оқыған.
"Сегізінші сыныпқа дейін мектепте оқыдым, артынша тіл үйрену курстарына Ұлыбританияға жіберді. Бірнеше жылдан кейін Қазақстанға оралдым, ата-анамда менің оқуымды төлеуге қаржылық жағдайы жетпеді. Елге оралып, ата-анама көмектесу үшін таксист болып жұмыс істедім. Біраз уақыттан кейін ата-анам пәтерді сатып, мені Аустралияға оқуға жіберді. 2011 шілдеде Қазақстаннан кеттім", - дейді Рустам.
Рустамның TikTok-та түсірген видеолары танымал. Оның ішінде, қазақстандық кассаларға келіп, адамдардың азық-түлігін төлеп, кетіп қалатыны танымал.
"Көбіне ұнайды, адамдар жылап қалған сәттер де болды. 80 жастағы қария өмір бойы ешкім ондай жақсылық жасамағанын айтып жылап жіберді. Өзімнің де көңілім босап кетті. Ең керемет реакция - адамдар күліп, алғыс айтқандары", - дейді Рустам.
@rus.alien 32/60 #ramadan #melbourne ♬ original sound - Rustam Raziev
Ол көбіне Рамазан айында адамдарға көмектесуге тырысады екен.