- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Қазақ халқының рухани...
Қазақ халқының рухани құндылықтары қалай өзгеріп жатыр? Дінтанушы жауап берді
Қазақ халқының рухани құндылықтары қалай өзгеріп жатыр, оған қазіргі жағдайлар қалай әсер етіп жатыр? Massaget.kz тілшісі бұл тақырыпта дінтанушы Елнар Берікбаевпен сұхбаттасты.
Дінтанушының айтуынша, ұлттық құндылықтарымыздың көмескіленіп кетуі диструктив діни ағымдардың пайда болуына байланысты.
"Ит - жеті қазынаның бірі. Қазақтар үйдегі молшылық, байлық және бақытты итпен байланыстырған. "Ат жақсысы - бозы болар, ит жақсысы - тазы болар" деп бабаларымыз итті дос санап, тұлпармен, жүйрік бүркітпен қатар қойған. Біздің ата-бабаларымыз иттерге қамқорлық пен сүйіспеншілікпен қараған. Әр ауылда елді мекенді күзететін, аңшылыққа, мал бағуға көмектесетін және балалармен ойнайтын көп ит болды. Қазақ аңшылары қоян, борсық, елік, ақбөкен, қабан аулау үшін тазыны пайдаланған. Ашаршылық кезінде қазақтың бір тазысы тұтас бір ауылды асырағаны белгілі. Сондықтан ертеде жұрт тазыны жоғары бағалаған. Кейбір тазының құны 47 бас жылқыға жеткен", - дейді маман.
Ертеде қазақтарда жаңа туған нәрестеге арнайы киім тігіп, оны "иткөйлек" деп атаған дәстүрі болған. Әйелдер ит көйлекті 40 күнге толмаған сәбиге жұмсақ тігістерді қолданып, тігістерін сыртқа қаратып тіккен.
"Бала 40 күнге толғанда көйлегіне кәмпит немесе басқа тәттілерді салып, итке байланған. Дәстүр бойынша, ит қашып, артынан ауыл балалары қуады. Аталарымыз ит баланың барлық қиыншылығы мен ауруларын өзіне алады деген сенімде болған. Қазақтың қазынасы аш жүретін халге қалай жетті? Итке деген қатыгездік таныту Ислам дінінің таралуымен басталды.
Ислам дінінде "ит - шайтанды жасыратын лас жануар" делінген. Сондай-ақ, дін бойынша, "иті бар үйге періштелер кірмейді" делінген. Исламда иттерге деген мұндай көзқарас зороастрийлердің, парсы дінін ұстанушылардың, итті киелі жануар ретінде қастерлеуінен пайда болды. Ал бұрын Қазақстан аумағында зороастризм таралғаны белгілі.
Әрбір жаңа дін өзінің догмаларын қабылдау процесін тездету үшін адамдардың бұрынғы сенімдері мен құндылықтарына тыйым салады. Сөйтіп, "қазақтың қазынасы" арабтардың зороастризмге қарсы күрес құралы болғандықтан пайдасыз жаратылысқа айналды", - дейді ол.
Дінтанушының айтуынша, Қазақстанда деструктив діни ағымдардың таралуына байланысты өзгеріске ұшыраған тағы бір ұлттық құндылық – геронтократия (үлкенге құрмет - еск.).
"Геронтократия, ең алдымен, егде адамдарға және олардың тәжірибесіне құрмет көрсетуге негізделген. Жасы ұлғайған адамдар беделді болады, өйткені олардың өмірлік тәжірибесі мен білімі жас ұрпақтан айтарлықтай биік. Қазір дін ұстанатын жастың көбі не дейді? Олар ата-бабаларымызды "мүшірік" деп атап, оларды құрметтеу қажет емесін айтып жүр. Бұл отбасылық құндылықтарға да қатысты. "Егер екінші жартың өздерінің діни көзқарасыңды қабылдамаса, ондай адамнан аулақ бол" деген тыйым салады", - дейді ол.
Маманның айтуынша, қазір ата-аналардың балаларына жаппай араб есімдерін беруі де қауіп төндіреді. Бұл жағдайда қазақ есімдерінің жойылуы - үлкен мәдени қауіп.
"Толеранттық пен қонақжайлық - қазақтың ұлттық құндылықтары. Ежелден Қазақстан территориясын әртүрлі ұлттар мен дін өкілдері мекендеген. Қазақстан аумағында Ислам дінін ұстанушылардан басқа тәңіршілдер, зороастризм, буддизм ұстанатындар, христиандар бар. Діни экстремизм мен терроризм мәселесі Қазақстанға сырттан, Таяу Шығыстан келді. Қазақстан аумағында ешқашан діни немесе этникалық қақтығыстар болмаған. Елімізде бейбітшілік болып, ұлттық рухани құндылықтарымызды одан әрі дамыту үшін дәстүрлі құндылықтарымызды нығайтып, ұлттық мәдениетке, салт-дәстүрге деген сүйіспеншілікті оятып, халқымыздың тарихын тереңірек білуіміз керек", - дейді ол.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!
С. Бөлек