“Қазақ газ өңдеу зауыты“ директоры жемқор деген күдікке ілінді

“Қазақ газ өңдеу зауыты“ директоры жемқор деген күдікке ілінді
Фото: ©️ Tengrinews.kz / Турар Казангапов

"Қазақ газ өңдеу зауыты" ЖШС директоры жемқорлыққа күдікті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Маңғыстау облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет "Қазақ газ өңдеу зауыты" ЖШС директорына қатысты сотқа дейінгі тергеу жүргізіп жатыр. 

Ол аукцион өткізбестен заңсыз сату арқылы кәсіпорынның мүлкін аса ірі мөлшерде жымқырды деп күдіктенеді. Залал сомасы 65 миллион теңгеден асады.

Соттың санкциясымен күдікті қамауға алынды. Тергеу жалғасып жатыр.

Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

С. Сатыбалдина