“Қазақ елінен кешірім сұраймын“: әкесін аяусыз ұрып-соққан ер адам сотта жылап жіберді

Түркістан облысы Жетісай аудандық сотында қарт әкесін ұрып-соқты деп айыпталған ер адамға қатысты іс аяқталуға жақын. 15 қаңтарда өткен сотта айыпталушы соңғы сөзін сөйледі, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Сот отырысы барысында айыпталушы көз жасына ерік берді. Ер адам кінәсін толық мойындап, жұрттан кешірім сұрады.

"Бәрінен кешірім сұраймын. Бүкіл қазақ халқынан. Өз ісіме шын жүректен өкінемін. Туыстарымнан кешірім сұраймын. Ашуға берілдім. Өмір бойы өкінемін. Қателестім. Бүкіл мұсылман халқынан кешірім сұраймын. Кінәні толық мойындаймын", - деді ер адам сотта.

Айта кетейік, бұған дейін мемлекеттік айыптаушы ер адамды 6 жыл 2 ай мерзімге бас бостандығынан айыруды сұрады.

Бұған дейін не болды?

Еске салайық, бұған дейін әлеуметтік желіде әкесін ұрып-соққан ер адамның видеосы тарады. Кейінірек бұл дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Сонымен қатар, күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. 2025 жылы желтоқсанда іс сотқа жетті.

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!