Желіде Алматыда болған тойлардың бірінде енесінің келініне күтпеген сыйлық берген видеосы тарады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Тойдың үстінде енесі келініне ыдыс жуатын машина сыйлайды.
"Айдана, күйеуің мен балаларыңды құшақтау үшін қолыңды босат. Менің атымнан келініме махаббатпен ыдыс жуатын машина сыйлаймын", - дейді видеода енесі.
Желі қолданушылары енесінің келініне деген қарым-қатынасына тәнті болды.
"Өзі ыдыс жуып шаршаған ғой, ал енді келінін қинағысы келмейді. Керемет", "Бұл қыздың жолы болды", "Қазақ еліне +1 бақытты келін", "Мынадай ене арман ғой", - деп жазған Желі қолданушылары.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!