Қазақ даласындағы мұнай өндірісіне 120 жыл толды

Қазақ даласындағы мұнай өндірісіне 120 жыл толды
Фото: voxpopuli.kz

ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мырзағалиев Қазақстан мұнайшыларын кәсіби мерекесімен құттықтады. Биыл қазақ даласында мұнайдың пайда болғанына 120 толды. 

Қазақтардың ең алғашқы мұнайды қалай пайдаланғаны туралы 1927 жылы Қа­зақ­стан мұнай кәсіпші­лі­гінде еңбек еткен Сабыр Шәріпов "Мұнай" атты оқулы­ғында жазады:

"Орал-Жем ай­мағындағы мұнай 40-50 жылдан бері ізделген. Одан ар­ғы жерде де, сондағы тұр­ғын қазақтар мұнайдың бар екендігін білген, керегінше пайдаланған. Құдық қазып, не болмаса жердің не судың үстіне шығып жатқан мұ­найды алып жұмсаған. Ол мұнаймен қазақ кәсіп қылмаған. Түйенің қотырына, адам­ның іші ауырғанда, болмаса қотыр болғанда ем қылып, сондайға ғана жұмсаған. Оның отын орнына жарай­ты­нын білмеген, жағып пайда­лан­баған. Сол қа­зақ­тар мұнайдың атын "мұ­най" деп қойған".

Ал 1899 жылы қарашада Қарашұңғыл шатқалында 40 метр тереңдіктен құбыр арқылы алғаш рет мұнай шықты, Қазақстан мұнайының тарихы осы кезден бастау алады. 1911 жылы сәуірде ашылған Доссор кенішінен шыққан жоғары сапалы мұнай әлемдік деңгейде назарға ілінді. Екі жылдан соң Гурьев облысында Мақат кеніш орны ашылды. 1914 жылы Мақат пен Доссор екеуінен 200 мың тоннада астам мұнай өндіріледі.

Massaget