Ауыр атлетикадан әлем чемпионатының күміс жүлдегері Алмас Өтешов "Уақыт көрсетеді" Youtube-жобасына берген сұхбатында қазіргі жағдайын айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Спортшы чемпионаттан кейін көлеңкеде қалғанына налыды. Айтуынша, спорт жолында денсаулығы құрыған, алайда бүгінде үкімет оған ешқандай өтемақы төлемейтін көрінеді.
"Қазақта "ердің басына не келіп, не кетпейді" деп айтады ғой. Менде де қазір осындай мәселе болып жатыр. Қазақ бір көтерілсек, қолпаштайды, бір сүрінсек, жек көріп кетеді. Мен мұны түсінбедім. Мен қолымнан келгеннің бәрін істедім. 230 келіні көтеру оңай емес. Допинг деп жатыр адамдар, ауыр салмақты барып көтере салу оңай емес. Біз соны көтердік қой. Қазір менің белімде 4 жерден жарық (грыжа) бар. Жүрмін. Қазақ халқына басқа не айтарымды білмеймін, халқымды жақсы көремін, қазақ боп туғанымды жақсы көремін. Билікте көтерілген кезде бәрі сені қолпаштайды, ал қателік жасап, төмен түскеніңде жаныңда ешкім болмайды екен. Кезінде халықтың атағын Илья Ильин бәріміз бірге көтердік қой, ауырлығына шыдамай, Владимир Седов дарға асылып, қайтыс болды. Бұл қатарда Альберт Линдер де бар, барды да, асылып өліп қалды.
Кезінде өкімет бізді пайдаланды. Туды көкке көтердік, одан кейін ешкім болмай қалдық. Неге бұлай? Бұл жолда біз бар денсаулығымызды бердік. Омыртқадан омыртқа қалмады, тізеден тізе қалмады. Бәрін істедік. Білмеймін. ", - деді спортшы.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!