Қазақстандық Мейірім Нұрсұлтанов (18-0, 10 КО) Люблинде (Польша) өткен бокс кешінде рингке шықты, - деп хабарлайды Vesti.kz.
Титулды айқаста Мейірім "Сұм" лақап атты аргентиналық Марсело Эстебан Косереспен (31-4-1, 17 КО) бетпе-бет келді. Он раундқа есептелген жекпе-жекте төрешілер шешімі бойынша Нұрсұлтанов жеңіске жетті.
Бұл кездесуде қазақ боксшыға тиесілі WBO International белбеуі сарапқа салынғаны айта кетейік.
Сонымен қатар, бұл бокс кешінде әуесқойлар арасында әлем чемпионы Бекзат Нұрдәулетов (5-0, 2 КО) грузиялық Яго Кизирияны, ал Бекман Сойлыбаев (15-1, 6 КО) ОАР боксшысы Сифосет Мвуланы нокаутқа түсірді.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!