Алматы қаласы, Алакөл ауданы, Жыланды ауылында тағы бір қазақ азаматына арналған кесене бой көтерді. Оның идеялық авторы және бұл жобаның жүзеге асуына қаржылай көмектескен меценат – Бауыржан Кеңесбекұлы Оспанов.
Кесененің иесі Есім Төре кім болған?
Есім Төре – 19 ғасыр мен 20 ғасыр аралығында өмір сүріп, халықтың қамын жеген айтулы азамат. «Алаш орда» қозғалысына қаржылай қол ұшын созып, елім деп өмір сүрген.
«Есім төре 1852 жылы Алматы олысы, Алакөл ауданы, Шоқты ауылында дүниеге келген. Ашаршылық кездерде малын халыққа таратқан. Бала кезден ол кісі туралы көп аңыз естіп өстік. Есім Төренің жылқысы келіп Шынжылы өзенінен су ішкенде өзен тоқтап қалатын дейтін. Соны аңыз көретінбіз. Кейін өзімізде 6000 бас мал әкеліп суғарғанда өзеннің тартылып қалғанын өз көзімізбен көрдік. Есім Төре революцияның алдында қайтыс болыпты. Ол 1914 жылы Әлихан Бөкейханның кітабының шығуына септігін тигізген. Осының бәрін ескере отыра үлгі болсын деген ниетпен ескерткіш орнаттық. Мыңдаған жыл бойы тұра берсін, ұрпақтар есіне сақтасын», – дейді Бауыржан Кеңесбекұлы.
«Біз оның бауыры Есекеден тараймыз. Атамыз Санкт-Петербургте Романовтардың 250 жылдығы болған шақта, оған алтын алқаны таққан. Сол кезде патша үкіметі де ол кісіге болысып, сөзін жерге тастамаған. Өз елінің, өз жерінің азаматы болды. Қанша байлығы болса да, елім деп жүрегі соққан азаматтардың бірі, - дейді Есім төренің ұрпағы Темірбек Ахметов бабасының жомарттығын сөз етіп.
Осылайша, қазақ даласының тағы бір майталманына арналған кесене орнатылды.