Қазақ аспаптары арқылы рухани құндылықтың дәріптелуі

Қазақ аспаптары арқылы рухани құндылықтың дәріптелуі
Фото: zharkynshakarim.ucoz.com

Ежелден халық аспаптары қазақ халқының рухани құндылықтарының және ел тарихының бір бөлшегі болды. Халықтың тұрмыс-тіршілігі, оның басқа елден айырмашылығы ұлттық аспаптардың, музыкалық дәстүрлердің ерекшеліктері арқылы қоғамының өмірі мен тұрмысы, көркемөнері, рухани ерекшелігі байқалған. Massaget.kz тілшісі "Отырар сазы" фольклорлық-этнографиялық халық аспаптары оркестрінің құрылу тарихы, оның рухани құндылықтарға әсері, домбыраның қазіргі кездегі ролі туралы халық музыкасы, оның ішінде домбыра музыкасын зерттеуші Ляззат Сүлейменовамен сұхбаттасты. 

Елімізде "Отырар сазы" оркестрінің алатын ролі ерекше. Оркестрдің құрамында домбыра мен қобыздан басқа қазақтың жетіген, шертер, шаңқобыз, месқобыз, сырнай, сазсырнай, сыбызғы, асатаяқ, дауылпаз, тұяқтас, қоңырау сынды саз аспаптары бар. Оркестр репертуарындағы фольклорлық туындылардан басқа аңыз, шежіре, күй сипатында жазылған. 

Нұрғиса Тілендиев атындағы "Отырар сазы" қазақтың мемлекеттік академиялық фольклорлық-этнографиялық халық аспаптары оркестрінің құрылғанына биыл 43 жыл. Оның көркемдік жетекшісі әрі бас дирижері болған Нұрғиса Тілендиев шағын ансамбльді 1982 жылы оркестр санатына көтерген. Алайда ансабльдің мұндай дәрежеге көтерілуіне елеулі үлес қосқан адам - Болат Сарыбаев. 

"Отырар сазы" негізінен ансамбль болып басталған. Болат Сарыбаевтың жинақтаған аспаптарын тәжірибе ретінде көру үшін, олардың орындалуын тыңдау үшін, жарыққа шығару үшін консерватория студенттер Ансамбльдің жалпы дамуына филармония көп әсер етті. Олардың қолдауымен репетиция жасайтын орын тауып, консерватория мұғалімдерін ансабльге шақыра бастайды. Осылайша бірнеше жыл Болат Сарыбаев ансабльде жетекші болады. Кейін Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетінің бірінші хатшысы Дінмұхамед Қонаев осы ансамбль негізінде фольклолық оркестр жасаймыз деген ниетін білдіріп, оған жетекші болуға Нұрғиса Тілендиевті шақырады. Екеуінің арасында болған әңгіме де қызық. Нұрғиса Тілендиев ансабль жетекшісі болуға қорқақтайды. Сол кезде Дінмұхамед Қонаев орнынан тұрып, "сен қазақсың ба, Нұреке?" деген, Тілендиев қазақ екенін айтқан. Онда бүгіннен бастап оркестр жетекшісінің деген", - дейді маман. 

Міне, 1982 жылдан бастап Нұрғиса Тілендиев 20 жыл бойы, өмірінің соңына дейін бас дирижер, жетекші ретінде қызмет атқарады. Оркестрге арналған түрлі шығамалар жазады. Бұдан оркестрлік күй жанры пайда болады. 

Болат Сарыбаев 1964 жылдан қазақтың көне музыкалық аспаптарын зерттеумен айналысқан. Ол музыка аспабын жасаушы шебер Олжас Бейсенбаевпен бірге көптеген ұмыт қалған музыкалық аспап түрін жасап жетілдірген. Сарыбаев 250-ден аса музыка аспабын жинап, оларды өзінің үйінде мұражай ретінде сақтаған. Кейін бұл аспаптар Ықылас атындағы қазақтың музыкалық аспаптар музейіне тапсырылған. 

Домбыра музыкасын зерттеуші Ляззат Сүлейменова домбыраның қазір ролі туралы да айтты.

"Жалпы домбыра аспабы қазақ жеріне ислам келгенге дейін болған. Ал бұрын бұл жерде ислам дінінің таралуына дейін тәңіршілдік болған. Оларда домбыра тұрмыс-салттың бір бөлшегі болды. Ешкім оған жаман-жақсы деп қараған жоқ. Ол жай ғана өмірдің процесіне араласқан аспап болды: сырын айтуға, жоқтауын жеткізуге, қуанышын бөлісуге көмектесетін аспап болды. Ал ислам келген кезде бұрынғы көшпенді халықтың мәдениетімен араласып, ортодлксалды исламмен өзгерістерге түскен. Соны білу керек. Ортодлксалды исламда музыка харам деп айтылады, кейбір өкілдерініғ айтуынша, оған рұқсат етілмейді, бірақ біздің ислам көшпенді халықтың өмірімен тығыз байланысқа түскеннен кейін біз халық ретінде өз тарихымыздан домбыраны алып тастай алмаймыз ғой", - дейді ол. 

Айта кетейік, 1999 жылы оркестрге Нұрғиса Тілендиев есімі, ал 2000 жылы академиялық атақ берілді. Оркестрдің репертуарында халық күйлері "Кеңес", "Сары өзен", "Сал күрең", халық композиторларының шығармалары "Қосбасар", "Сары жайлау", Тәттімбеттің "Сылқылдағы", "Ерденнің күйі", Ықыластың "Қамбар батыры", Мұқан Төлебаевтың "Еске алуы", Нұрғиса Тілендиевтің "Ата толғау", "Қош керуені", Кенжебек  Күмісбековтың "Қорқыт күйі", "Фараби сазы" сынды туындылары бар. 

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

С. Бөлек