“Қазақ аруы“ байқауына кастинг жарияланды

“Қазақ аруы“ байқауына кастинг жарияланды
Фото: Tengrinews.kz/ Алихан Сариев

Өнер жолындағы талай арудың жолын ашқан "Қазақ аруы" байқауы биыл да өз жалғасын табады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Бұл туралы жобаның продюсері Баян Мақсатқызы әлеуметтік желідегі парақшасында жазды. 

"Кезінде жас Гүлназ Жоланова да кастингке өзіне, арманына деген үлкен сеніммен келген еді. Біз сізді күтеміз!", - деп жазды продюсер Гүлназ Жоланованың кастингке шақырған видеосын жариялап. 

Еске салайық, Гүлназ Жоланова 2014 жылы "Қазақ аруы" атанған. 

Кастинг 6-7-8 қыркүйек күндері Алматы қаласында өтеді. 

Байқау талаптары:

Қазақ тілін жетік меңгеру;

16-22 жас аралығында болу;

Бойы 170 см-ден жоғары болу;

Сұлу да сымбатты, ақылды әрі дарынды болу. 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Bayan Alaguzova (@bayanmaxatkyzy)

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

Д. Ибраева