- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Қазақ әні Африкада...
Қазақ әні Африкада танымал бола бастады
"Адам" лақап атымен танылған әншінің "Жүрек" әні Африка халқына ұнады. Олар бұл әнді айтып, әрі бейнебаян түсірген, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Сондай видеолардың бірі әлеуметтік желіде тарап кетті. Бейнежазбаны желіге Қайрат Омарұлы болып тіркелген қолданушы жүктеген.
@kairat_omarovic Казахская песня стала популярной в Африке ??✊❤️
♬ Zhurek - Adam
Желі қолданушылары әр түрлі елден сәлем жолдап, бұл әннің керемет екенін айтып, лебіздерін білдірді.
"Африка Қазақстан бір туған", "Украинданмын, бірақ бұл ән қатты ұнайды", "Бразилияда тұрамын, бұл әнді жиі тыңдаймын", "Қазақстан менің махаббатым", "айттым ғой, бұл әнді дүниежүзі тыңдайды деп", "қандай әдемі жұп" деп жазды желі қолданушылары.
Айта кетейік, "Адам" лақап атымен танымал Фарух Тоқтамұратов Жамбыл облысы Меркі ауылында дүниеге келген.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
А. Жайыққызы